Президент сайлауы: Ә.Құсайыновқа қол қою парақтары беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Әбілғазы Құсайыновқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары беру туралы қаулы қабылданды.

Президент сайлауы: Ә.Құсайыновқа қол қою парақтары беріледі

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлының Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша, біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес деп белгіленсін. Екіншіден, Ә.Құсайыновқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

ҚР ОСК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.