Президент сайлауы барлық нормаларға жауап береді - Р. Гудман
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы барлық нормаларға жауап береді, барша талаптарға сай өтіп жатыр. Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауына орай өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан-Ұлыбритания қоғамының төрағасы Руперт Гудман осылай мәлім етті.
«Мен үшiн Қазақстанда болу зор құрмет. Бүгiн бiрқатар сайлау учаскелерiн араладым. Дауыс берген сайлаушылармен сөйлесiп, сайлау учаскелерi мен дауыс беру орындарындағы жағдайды бақыладық. Жалпы, Еуропалық одақ елдерiндегi көптеген сайлаудың барысын бақылаған адам ретінде айтарым, Қазақстандағы сайлау барысы барлық нормаларға жауап бередi. Тіпті, мұнда азаматтар үшін сайлау нағыз мерекеге айналған. Көптеген сайлау учаскелерiнде отбасымен дауыс берiп жатқандар болды», - дедi Р.Гудман.
Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері даму үдерісін жоғары деңгейде атқарып жатыр.