Президент сайлауы: Халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің атынан 181 байқаушы аккредиттелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің атынан кезектен тыс президенттік сайлауға 181 байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы бүгін бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі таңда 25 мемлекеттен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 48 байқаушы, 2 мемлекеттен ТМД миссиясының 5 байқаушысы және шет мемлекеттерден 30 байқаушы кезектен тыс президенттік сайлауға байшаушы ретінде тіркелді», - деді ол.

М.Сәрсембаевтың атап өтуінше, бұған қоса, ҚР Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өткен 19 мемлекеттен 98 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де президент сайлауына шетелдік байқушы ретінде қатыса алады.

«Жалпы, саны 181 байқаушы халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің атынан аккредитациялау процесінен өтіп отыр», - деді М.Сәрсембаев.

Соңғы жаңалықтар