Президент сайлауы: ҚР ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 153 байқаушысын аккредиттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссия отырысы өтіп, онда кезектен тыс президенттік сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 153 байқаушысы аккредиттелді.
None
None

«Орталық сайлау комиссиясының отырысына бір сұрақ енгізіліп отыр. Ол 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы», - деп отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қаулы жобасын таныстыру үшін сөз кезегін комиссия мүшесі Татьяна Охлопковаға берді.

«Сіздердің қарауларыңызға 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын акреддиттеу туралы мәселе ұсынылып отыр. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға ТМД байқаушылары миссиясынан 144 адамды, ШЫҰ миссиясынан 5 адамды және шет мемлекеттерден 4 адамды аккредиттесін. Барлығы барлығы 153 байқаушы. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына сәйкесінше куәлік берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған Т.Охлопкова.

ҚР Орталық сайлау комиссиялары қаулы жобасын бірауыздан мақұлдап, 153 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.

Соңғы жаңалықтар