Президент сайлауы: үгіт-насихат кезінде неге тыйым салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті сайлауына кандидаттар үгіт-насихатты белгіленген талаптарға сай жүргізуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау алды үгіт-насихат кезінде сайлаушыларға тауарларды, қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікпен беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, дауыс берушілерге ақша төлеуге, лотерея ойнатып, қайырымдылық акцияларын өткізуге болмайды», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның айтуынша, үгіт-насихат кезінде кандидат және оның алдағы жоспары туралы баспа материалдарын таратуға рұқсат.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина әр кандидатқа үгіт-насихат жүргізу үшін бюджеттен тең дәрежеде қаржы бөлінетінін айтты.

«Кандидаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы бақыланады», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Процесс 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

«23 қыркүйек күні сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», - деген еді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Бұған дейін президенттікке кандидаттар төлейтін 3 млн теңге жарна иесіне қандай жағдайда қайтарылатыны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар