Президент сайлауын мыңға жуық шетелдік байқаушы бақылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент сайлауын мыңға жуық шетелдік байқаушы бақылайды. Бұл туралы бүгін бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
None
None

«ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары миссиясының басшысы Корнелия Йонкер кемінде 400 байқаушыны жіберетіндігін айтып отыр. ТМД мисссиясы да өз байқаушыларының 400-ге жуықтайтындығын мәлімдеді», - деді ол.

Сонымен қатар М.Сәрсембаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта ОСК қызметкерлері шет мемлекеттердің байқаушылармен жұмыс істеуде, олардан құжаттар келуде.

«Бізді жоспарымызға сәйкес шетелдік байқаушыларың саны мыңға жақындап қалуы тиіс», - деді ОСК мүшесі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 25 мемлекеттен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының 48 байқаушы, 2 мемлекеттен ТМД миссиясының 5 байқаушысы және шет мемлекеттерден 30 байқаушы кезектен тыс президенттік сайлауға байқаушы ретінде тіркелді. Бұдан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өткен 19 мемлекеттен 98 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де президент сайлауына шетелдік байқаушы ретінде қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар