Президент сайлауын өткізу - тұрақтылық үшін жасалған тарихи шешім - Нұрғиса Дауешов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімі еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және бейбітшілік пен бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент сайлауын өткізу - тұрақтылық үшін жасалған тарихи шешім - Нұрғиса Дауешов

«Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген 28 жыл ішінде Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қарқындап дамыды, білім мен мәдениет саласы да зор табыстарға жеткен бірегей тұрақты мемлекет болып қалыптасты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент лауазымынан өз еркімен бас тартып, өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл жауапты міндетті Парламент Сенатының төрағасы орындайды. Ол осы қызметті жаңа Президент сайланғанға дейін атқарады», - деді Нұрғиса Дауешов..

Ол ҚР Президентінің шешімін қолдайтынын жеткізді.

«Сол себепті қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі яғни 2019 жылдың 9 сәуіріндегі Қазақстан халқына үндеуінде айтқан Президент сайлауын мезгілінен бұрын өткізу туралы шешімін қолдаймыз.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және бейбітшілік пен бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім деп ойлаймын», - деді Нұрғиса Дауешов.





Фото: oraloniri.kz