Президент сайлауына қатысатын Ислам Кәрімовтің қарсыластары анықталды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның барлық төрт партиясы президент сайлауына қатысатын үміткерлерді анықтады, деп жазды gazeta.uz.

Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясының саяси кеңесінің пленумы 16 қаңтарда отырыста президент сайлауына партия саяси кеңесінің төрағасы Наримон Умаровтың кандидатурасын қолдады. Мемлекет басшысының лауазымына үміткер 10 ақпанға белгіленген курултайда ұсынылады, деп хабарлады партия баспасөз қызметінен.

Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы орталық кеңесінің бүгін өткен пленумында президенттікке үміткер ретінде заңнамалық палатадағы партия фракциясының мүшесі Акмал Саидовтың кандидатурасын ұсынуды мақұлдады. «Миллий тикланиш» ақпараттық қызметінің деректеріне сүйенсек, Саидов кандидатурасы 7 ақпанда партия съезінде ұсынылады.

Күндіз Өзбекстанның басқа екі партиясы ұсынатын кандидаттардың есімі белгілі болды. Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы, либералдық-демократиялық партия президенттікке қазіргі мемлекет басшысы Ислам Кәрімовтің кандидатурасын ұсынуға ниетті. Халықтық-демократиялық партия президенттікке партия орталық кеңесінің төрағасы Хатамжон Кетмоновтың кандидатурасын ұсынбақ.

Өзбекстан президентін сайлау 29 наурызда өтеді. Президенттікке үміткер ұсынуға тек саяси партияның ғана құқығы бар, кандидат партия мүшесі немесе партияда жоқ болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram