Президент сайлауының қорытындысы бойынша бірқатар астаналықтарға Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков президент сайлауының қорытындысы бойынша электоралды процестің белсенді қатысушыларына Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыстады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Марапатталғандардың ішінде - Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық штабының Астана қалалық филиалының мүшелері: штаб төрағасы, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты С. Ахметов, мәслихат депутаттары Г. Данбаева, В. Досаев, Т. Егінбаев, К. Жауханов, З. Жүсіпова, А. Ким, К. Кұлмықанов, Б. Солсанов, Т. Оразақов, А. Байгенжин, М. Оралов, А. Күрішбаев, С. Хамхоев, М. Шайдаров, З. Шибкенов, Ш. Хахазов, «Нұр Отан» партиясының ААФ Саяси кеңесінің мүшесі, Польшаның еңбек сіңірген әртісі Б. Ысқақова, «Нұр» аумақтық филиалының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бірінші проректоры Д. Нұрманбетова, «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ аппарат басшысы Ә. Бергенев, ҚР ИДМ «Қазаэронавигация» РМК аппарат басшысы К. Кәкен, Ш. Бөлекбаева бар.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген әкім ел тағдырындағы маңызды кезеңде қазақстандықтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бір адамдай қолдап, оған 97,75% дауыс бергенін атап өтті.

«Бұл - Мемлекет басшысының үлкен беделі мен оның тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан өлшеусіз үлесін айқын көрсететін толық жеңісі, Сайлаушылардың науқанға қатысуы 95,21% құрады, бұл - Елбасымызды бүкіл халықтың қолдайтынын дәлелдейтін тағы да бір жайт», - деді қала басшысы.

Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріндегі сайлау пунктерін ескере келе, Астанадағы сайлау науқанына қатысу деңгейі 98,54% құрады, бұл қала бойынша рекордты, ал республика бойынша екінші көрсеткіш. Әкімнің айтуынша, астаналықтар осы арқылы Президентке лайықты құрмет көрсетті.

«Бұл Астана қаласы тұрғындарының мемлекет ырғағын жақсы сезіне алатындығын, әрбір қазақстандықтың үкіметтің халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған барлық шараларымен қамтылғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл «Нұр Отан» партиясының және Елбасын қолдаушылардың Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және оны халыққа насихаттау бағытында атқарып жатқан үлкен де қажырлы еңбектерінің жемісі», - деді әкім.

Сайлауалды науқанын өткізу кезінде Қазақстан Президентіне үміткер Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық штабы түрлі форматта 1557 шара өткізіп, 426 мың адамды қамтыған. Олардың қатарында еңбек ұжымдарындағы жиналыстар және сайлаудың маңыздылығы мен «Нұрлы жол» жолдауы аясындағы бағдарламаларды түсіндіру шаралары, партиялық жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі жастар флешмобтары, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған қайырымдылық акциялар және т.б. бар. Астана қалалық партия филиалының қоғамдық штабы үгіт науқаны басталғалы 47 шара өткізіп, 32 мың адамды қамтыды, ал аймақтық жүйелі кесте аясында 229 шара ұйымдастырылып, 200 мың адам қамтылған.

Елордада ҚР Президентіне үміткер Н. Ә. Назарбаевтың 672 сенімді өкілі тіркелген, олар өз кезегінде барлық әлеуметтік топ өкілдерімен келелі кездесулер өткізді.

«Мұның барлығы қажетті жұмыстар және Нұрсұлтан Әбішұлының сайлаудағы жеңісіне сүбелі үлес қосқан шаралар. Штаб мүшелерінің әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты. Сонымен бірге, біз бүгін сайлауалды компанияға қомақты үлес қосып, барлық қиын да қажырлы жұмыстармен айналысқан әріптестерімізді атап өтпекпіз», - деді Ә. Жақсыбеков.

Әкім Мемлекет басшысының атынан жиналған қауымға өлшеусіз үлесі мен еңбектері үшін тағы бір мәрте алғыс айтып, зор денсаулық, әр істеріне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар