Президент Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Рахмонов
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан спортшысы Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабында он тоғызыншы мәрте жеңіске жетіп отыр. Ал Иэн Гэрри алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум