Президент ШҚО аграршыларына ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен белсенді айналысуды тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанда сүт өнімдерін өндіруге, мал және егін шаруашылығына маманданған «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Сондай-ақ аграрлық династия өкілдерімен кездесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Агрохолдинг басшысы Фарид Абитаев пен директор Ришат Ахмадиев Президентті тәжірибелі-селекциялық егістік алаңдарымен таныстырды, онда астық және май дақылдарының бірегей элиталы сұрпын өсіреді, сондай-ақ 600 малға арналған сүт-тауарлық ферманы көрсетті. Шаруашылық жоғары өнімді дәнді-дақыл және күнбағыс, соя, зығыр, майлы шомыр репродукциясы тұқымдарын өндірумен айналысады.

Сүт-тауарлық фермада ҚР Президентіне АҚШ-тан қарыз алып, ферма үшін арнайы ауыл шаруашылығы жабдығын шығарған кәсіпорын басшылары ауыл шаруашылығы техникасын көрсетті. Президент өз кезегінде, «техника сапасы түпнұсқадан кем болмай, өндіріс көлемдеріне сәйкес келуі тиіс» екенін атап өтті.

Тәжірибелі аграршылармен әңгіме барысында Мемлекет басшысы «қайта өңдеумен айналысу қажеттігін» атап өтті. Ол Қазақстанда 40 млн га бар екенін, жұмысына 5 пайыз ғана адамдар жұмылдырылғанын, алайда бұл адамдардың жұмысы әзірге тиімді болмай тұрғанын еске салды. 

Соңғы жаңалықтар