Президент шыршасынан соң балалар Қызылорданың көрікті жерлерін аралады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Әдеттегідей, бұл мерекеге бүкіл облыстан оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары және «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері шақырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл балалар үшін қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану музейін, Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананы, орталық алаңды және өзге де Қызылорданың көрікті жерлерімен танысты.

Мерекелік іс-шара Елбасы Н.Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауымен басталды.
null

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.

«Бүгін еліміздің барлық өңірінде Елбасы атынан балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде балалар жаңажылдық шыршаның жанында жиналып, армандарының орындалуын үлкен үмітпен күтуде. Сіздер таңғажайып кезеңде өмір сүресіздер. Ғасырлар бойы орындалмас арман деп саналатын көптеген ғажайыптар бүгінде шындыққа айналды. Сіздердің жақсы оқып, халықаралық олимпиада, шығармашылық және спорттық байқауларда жеңімпаз атанып жүргендерің мені қуантады. Болашақта әрқайсыларың еліміздің мақтанышы болатындарыңа сенемін», - деді Қ.Көшербаев.
null

Өз кезегінде, оқушылар аймақ басшысына жан-жақты қолдау мен қамқорлық көрсеткені үшін алғыстарын айтты.

Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәттілер мен сыйлықтар таратылды.

 

Соңғы жаңалықтар