Президент студенттерді жатақханамен қамту мәселесін шешуге көмек көрсетуді ұсынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова денсаулық сақтау және білім беру мәселелері ел үшін маңызды болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикер мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдері бірлесе жақында Алматыдағы студенттік жатақханалар мен жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығын тексергендерін айтты.
«Бүгін Мемлекет басшысы студенттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті болып отырғанын айтып, мемлекет пен білім беру ұйымдары арасында белсенді көмек көрсетуді ұсынды. Мысалы, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидатын енгізу және т.б. Расымен, бүгінде жатақханалардың жетіспеушілігі - өзекті мәселе. Әсіресе, кейбір жоғары оқу орындарында жатақхананың орташа құны 7,5-10 мың теңге болғанын ескерсек, бұл жағдайды жүйелі түрде қарастыруды талап етеді. Мұнда жауапкершілік жоғары оқу орындарының өздеріне де жүктеледі, олар дайындықтарын көрсетуі тиіс», - деді спикер.
Ол сондай-ақ бүгінгі күні Алматыға студенттердің үлкен ағыны келе жатқанына тоқталды.
«Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы ЖОО-лардың инфрақұрылымы студенттер ағынына дайын болуы керектігін айтты. Осы орайда, Алматыға қазір студенттердің үлкен ағыны келе жатыр. Алайда, ЖОО әкімшіліктері қанша студентті тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ете алатындығын ойланудың орнына, студенттер санының көп болғанын қалайды. Сондықтан бізде балаларды дәл оқуға қабылдау кезінде оң саясатты қайта қарастыру керек болады», - деп атап өтті депутат.
Фото: gadgetshelp.com