Президент сумен қамтамасыз ету жобаларын жоспарлау кезінде Н. Қаппаровқа «тәбеттерін басу» керектігін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі сумен қамтамасыз ету жобалары бойынша тәбетін басуы керектігін қадап айтты.
None
None

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Астанаға су тарту бойынша екі ұсыныс болған. Оның бірі Сәтбаев каналынан 90 млрд. теңгеге құбырдың құрылысын қарастырса, ал екіншісінде Су ресурстары комитеті 5,8 млрд. теңгеге қолданыстағы жүйені қайта жаңғыртуды ұсынды.

«Мен Экология министрлігі мен әкімдікке осы мәселені шешуге тапсырған болатынмын. Енді үшінші нұсқаға қарағанда 370 млрд. теңге қажет екен. Бұндай министрлермен мемлекет тақырға отыруы мүмкін. Тәбеттеріңді басып, нысандарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіңіздер», - деп түйді Президент.

Соңғы жаңалықтар