Президент: Табысты жұмыс істеген азаматтарды қаржылай ынталандыру керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында осылай масылдыққа жол берілмейтіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент: Масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке орай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндет», - деп атап өтілген Ақорданың Twitter парақшасында.