Президент тапсырмаларының нәтижесі ауыл халқының жағдайынан байқалады - сарапшы

Мырзахмет Өксікбаевтың
Фото: Мырзахмет Өксікбаевтың жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға көңіл бөлінді. Kazinform тілшісі «Қазақстан ауылшаруашылық кооперативтерінің ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, сарапшы Мырзахмет Өксікбаевтың пікірін білген еді.

«Президент жүктеген тапсырмалардың қаншалықты орындалып жатқаны ауыл халқының жағдайынан көрінеді. Бағасын беретін де халық. Су мәселесі, жайылымдық жерлер, лизинг болсын, көптеген мәселе бар және олардың шешімі табылып жатыр. Келесі көпті толғандыратын мәселе – ауыл халқының жаппай көшуі. Бұл ретте ауыл тұрғындарын қолдауға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бар. Ол бойынша ауылда ісін дамытам деушілерге қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, 100 млрд теңге бөлінді», - деді Мырзахмет Өксікбаев.

Сарапшының айтуынша, ауылдықтарға жеңілдетілген несие беруде бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, ауыл халқын алдын ала оқыту қажет. Түсіндірме жұмыстары ақсап тұр.

«Тұрғындар жеңілдетілген несиені алады, бірақ осыдан кейін жем-шөп, жайылымдық жерлер мәселесі туындайды. Осы орайда, үйлестіру жұмысына көңіл бөлу керек. Несие қайтарымды болуы қажет», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар