Президент тапсырмасы: 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемі екі есе ұлғаяды

экономикалық өсім
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Осы орайда, 2023 жыл тарих беттерінде қандай оқиғалармен есте қалды. Осы және басқа да сауалдар төңірегінде Кazinform назарларыңызға ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлимен сұхбатты ұсынады. 

«Ең алдымен, баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы мереке қарсаңында жылды қорытындылап, бізбен сұхбаттассақ деген ойыңызды құптаймын. Шын мәнінде, Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр», - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, биыл Мемлекет басшысы қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін орнатуға, әділдікке негізделген жаңа экономикалық үлгіге көшуге, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, бәсекеге қабілетті ел болуға, сапалы ұлт қалыптастыруға бағытталған көптеген бастама көтерді.
Мысалы, Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыт-бағдарын айқындап береді.

«Одан бөлек, Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке ел экономикасының жыл сайынғы тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу, 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайту. Еліміздің байлығы мен табысын халқымыздың арасында әділ бөлу міндеттерін жүктеді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар