Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Таза Қазақстан» аясында қаланы көркейту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. 

Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінен атап өткендей, осы жылы жұмыс «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүргізіліп, тек тазалау емес, бүкіл қалалық ортаны жаңартуды қамтиды.

Көріктендіру жұмысына 1 000 арнайы техника және шамамен 1 500 жұмысшы тартылған. Олар қаладан 2 400 текше метрден астам қоқыс шығарды.

Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі

28 сәуірде «Таза Қазақстан» акциясының үшінші кезеңі басталды. Тротуарларды толық тазалау, ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, көше шамдарын қалпына келтіру және көгалдандыру жоспарланған.

Науқанның мақсаты – мегаполистің барлық сегіз ауданындағы жалпы ұзындығы шамамен 355 км болатын 142 көшені жаңарту. Кешенді тазалау аясында тротуарларды қалпына келтіру, шұңқырлы жөндеу, ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, көше шамдарын жөндеу және көгалдандыру көзделген.

Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов биыл бағдарламаға бірқатар өзгеріс енгізілгенін атап өтті – енді акцияға ғимарат иелерін тарту көзделген. Ол қаланы тазалауды ғана емес, сонымен қатар көшелердің сыртқы келбетін жақсартуды да қамтиды.

– Үй иелері мен кәсіпкерлер көріктендіру төлқұжатын алғаннан кейін аумағына жауапты болады. Олар аймағының келбетін – бағаналарды, маңдайшаларды, кіреберіс сатыны ретке келтіруге тиіс. Акция аясында 158 көріктендіру төлқұжаты беріліп, 43 әкімшілік айыппұл салынды. Әр көше бөліміне әртүрлі құрылым жауапты – мысалы, бағаналарға аудан әкімдігі, жол мен бағдаршамдарға – қалалық мобильділік басқармасы жауапты. Осы жұмыстың нәтижесінде қаламыз таза әрі көрікті бола түседі, - деді Бейбіт Шаханов.

Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі
Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық инфрақұрылымды жақсартудағы маңызды қадамның бірі – көлемі ұлғайтылған 12 мыңнан астам қоқыс жәшігін орнату болды. Сонымен қатар көгалдардағы топырақты өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл көгалды аймақтардың қыс мезгілінен кейін тезірек қалпына келуіне көмектеседі.

Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі
Президент тапсырмасы: Алматыда 142 көше жаңарады
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. 

Сондай-ақ Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізетіні туралы жазғанбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар