Президент тапсырмасы: Атырауда жедел жәрдем стансасына 20 жаңа көлік берілді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық жедел жәрдем стансасына 20 жаңа көлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, жаңа жедел жәрдем көліктері санитарлық көлік паркін жаңартуға байланысты Жол картасын орындау мақсатында алынған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, халықтың өмірін сақтауда үлкен ықпалы тиетін жедел жәрдем қызметінің жеделдігін арттырудың маңызы зор. Облыстық жедел жәрдем қызметінің жаңа көліктермен толығуы аталған станса бригадаларының жеделдігін арттырады», -дейді Жасұлан Бисембиев.

Қазір облыстық жедел жәрдем стансасының балансында 65 қызметтік көлік бар. Ал, жаңадан берілген заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Атырау облысының бес ауданында медицина мекемелеріне 2020 жылы «УАЗ» маркалы 12 жедел жәрдем көлігі берілді.

Сол жылы облыстық жедел жәрдем стансасы 18 көлікпен толықты.

Кейін Атырауда жедел жәрдем стансасына тағы 20 көлік алынып, 100 пайыз жаңарғанын хабарлаған болатынбыз. Жаңа көліккердің үшеуі аудандарға берілген. Ал, 17 көлік облыстық жедел жәрдем стансасында қалдырылған.


Соңғы жаңалықтар