Президент тапсырмасы: Қай өңірде тұрақты жұмыспен қамту қарқыны жоғары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ел өңірлерінде 430 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жыл басында әр әкіммен жасалған меморандумдар бойынша биыл өңірлерде 431,5 мың жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл, «Еңбек» бағдарламасы мен «Жұмыспен қамту» жол картасын есептемегенде. Ресми ведомстволық статистика бойынша, жеті айда 300 мың 207 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 149 мыңы - тұрақты жұмыс орны. Бұл жерде ерекше назар аударатыны – ол сол құрылған жұмыс орындарының ішінде тұрақты қызметтер», - деді министр онлайн режимде өткен Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда,Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұрақты жұмыс орындарының үлесі 70 пайыздан артып отырса, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше, уақытша жұмыс орындарының үлесі басым болып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, барлық мемлекеттік бағдарламалар әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

«Бүгінде 743 мың адам осы шараларға тартылды. Оның ішінде Еңбек бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие, 17 200 қайтарымсыз грант берілді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар