14:10, 19 Қараша 2019 | GMT +6
Президент тапсырмасы: Травматология және ортопедия ҒЗИ жаңа ғимарат салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты салынатын болады», - деді министр өзінің twitter парақшасында.
Еске салсақ, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ барып, Үкіметке клиниканы күрделі жөндеуден өткізуді, жаңа ғимараттар салу мәселесін шешуді тапсырған еді.