Президент тәртіпсіздік салдарынан келтірілген шығын көлемін анықтау жөнінде комиссия құруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдай тұрақталғаннан кейін Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына кірісуді тапсырды.
Мемлект басшысы Үкіметке тәртіпсіздік салдарынан келтірілген шығын көлемін анықтау жөнінде комиссия құру; жағдай тұрақталғаннан кейін Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына кірісуді тапсырды.
Сондай-ақ, әкімдерге коммуналдық қызмет түрлерінің, қоғамдық көлік пен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысын тұрақтандыру тапсырылды.
Бұған дейін Президент Үкіметке бірқатар шұғыл тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз.