Президент телерадиокешені «Қазақстан - АҚШ: табыстың тарихы» фильмін таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің телерадиокешені «Қазақстан - АҚШ: табыстың тарихы» фильмін таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Не себепті АҚШ-та Трампты сынға ала береді? АҚШ Президенті мен Елбасымыз қалай тіл табысты және бір-бірін қалай бірден түсінісіп кетті? Қазақстан мен АҚШ арасында кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің жаңа форматы қандай? Осы және басқа да сұрақтарымызға жауаптарымызды «Қазақстан-АҚШ: табыстың тарихы» циклынан Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокомпаниясының жаңа деректі фильмінен таба аласыздар», - делінген ҚР Президенті ТРК-ның Facebook-тегі парақшасында.
Деректі фильмді бүгін 21: 30-да Хабар арнасында тамашалауға болады.
Еске салайық, Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапармен барып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты отырысына қатысты.