Президент терезеден құлаған балалар жайында: Мұнда әкімдіктің де жауапкершілігі бар
«Жыл басынан бері балалардың терезе мен балконнан құлауы бойынша 14 қайғылы оқиға орын алды. Біз мұндай қайғылы жайттардың қайталануына жол бермейтін барлық шараны қабылдауға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.
Осыған орай Қазақстан Президенті құрылыс барысында қауіпсіздік параметрлерін күшейту қажеттігін баса айтты.
«Үй салушылар қауіпсіздіктің қосымша шараларын енгізуі тиіс. Бір жағынан біз әрине белгілі бір ғимаратты салу барысында шарттарды жеңілдетеміз. Ал екінші жағынан кейбір құрылысшылар мұның барлығын теріс пайдаланып отыр. Үйлерге қатысты қауіпсіздіктің қосымша шаралары болуы, сөзсіз қабылдануы тиіс. 14 бала терезеден құлады. Бұл - ата-ананың, қамқоршылардың тікелей кінәсі. Дегенмен, мұнда әкімдіктің де жауапкершілігі бар. Сіздер барлығы үшін, қаланың әр тұрғыны үшін жауаптысыздар», - деді Қ.Тоқаев.