Президент тестінің жеңімпаздары «Астана Арена» стадионындағы концертке қатысады

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат -   Президент тестінің  жеңімпаздары  мен жүлдегерлері  1 желтоқсанда Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу кезінде «Астана Арена» стадионында өтетін үлкен концертке қатысады. Іс-шараға «Арт-Дала»,  «Ринго»,  тағы  басқа  да қазақстандық жас орындаушылар  қатысады  деп күтілуде.

Президент тестінің  жеңімпаздары  «Астана Арена» стадионындағы концертке қатысады

Бұл туралы Астана әкімдігінің сайты хабарлады.

Ұлттың денсаулығын нығайту - ең басты  игілікті міндет. Денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет орасан зор қаржы бөлуде.  Бүгін салауатты өмір салтын ұстану  өте маңызды, ең бірінші,  жаман әдеттерден құтылу қажет.

Еске салайық, тест  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында  өткізілді. 6-сы мен 30 қазан аралығында 5, 9 және 11 сынып оқушылары  «Президенттік тест - оқушылардың дене тәрбиесі дайындығының көрсеткіші» ұранымен тесті жарысынан  өтті.  Іс-шараны ұйымдастырушылар - «Шыңғыс» балалар және жасөспірімдер орталығы мен Астана қаласының  Білім басқармасы.

Күш-қуаты жағынан дайындықтарын оқушылар 9 дене жаттығуы бойынша көрсетті. Айта кету керек, жастар үшін тест дайындығына екі - Президенттік деңгей және ұлттық дайындық деңгейі енгізілді.