Президент ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін пайдалануының алдын алу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.