Президент тротуар жабындысын және автоклавты газ блоктарын шығаратын зауытқа барды

 АСТАНА. KAZINFORM – Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

зауыт
Фото: Ақорда

Asyl Qala, бұл – 100-ден астам адам еңбек ететін арнаулы кәсіпорын. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 8 миллиард теңге. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 4500 шаршы метр тротуар жабындысын өндіруге жетеді. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң бұл көрсеткіш 9000 шаршы метрге дейін ұлғаяды. 

зауыт
Фото: Ақорда

Бүгінде аталған кәсіпорында шығарылған өнімдер Астана және еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылады. 

зауыт
Фото: Ақорда

Бұдан кейін Мемлекет басшысы автоклавты газ блоктарын шығаратын Uniton зауытымен танысты. Sensata Group құрылыс компаниясына қарасты кәсіпорын жылына 150 мың шаршы метр газ блоктарын өндіре алады. Жоба «Даму» қоры және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылған. 110 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

зауыт
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс индустриясы экономиканың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жергілікті өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. 

зауыт
Фото: Ақорда
зауыт
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді.