Президент Туризм және спорт министрлігіне еліміздегі туризмді дамыту бағытында нақты ұсыныстар беруді тапсырды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Президенті Н.Назарбаев Туризм және спорт министрлігіне 1 айдың ішінде еліміздегі туризмді дамыту бағытында нақты ұсыныстар беруді тапсырды.
None
None

Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берді.

Инвестиция үшін ауқымды әлеует туристік кластерді дамытудан ашылады. Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдердің біріккен экологиялық, шопингтік бизнес туризмінің ілкі тәжірибелерін зерделеу қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, бұл мәселелерді тау шауғысы, әсіресе елдің оңтүстігінде климаттық курорт құру жобаларымен кешенді қарау қажет. Бұл нақты тапсырмалар жаңа министр Т.Ермегияев басқаратын Туризм және спорт министрлігіне және осы мәселеге жауапты мекемелерге жүктелді.

«Ұсыныс енгізу үшін үш ай беремін», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар