11:45, 06 Қараша 2024 | GMT +5
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
БІШКЕК. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды.
Президентті Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.