14:25, 27 Қыркүйек 2022 | GMT +6
Президент Түркістан облысының әкімімен бірге жаяу серуендеді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімімен бірге жаяу серуендеп, өңірді дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында жүр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті.
«Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі», - деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Президент бір топ түркістандықтарды марапаттады.
Фото: t.me/bort_01