Президент Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады
АСТАНА. KAZINFORM — 8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.