Президент Үкімет пен меморгандар арасындағы қызметтерді қайта бөлуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы орталық пен өңірлер арасындағы қызметтерді бөлу жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент Әкімшілігі жүргізген сараптама Үкімет функциясының жартысына жуығы өкілетті мемлекеттік органдар әзірлеген салалық шешімдерді формалды ұжымдық мақұлдауға саяды. Сонымен қатар Үкіметтің қызметі басқа – ол үйлестіруі және басшылық жасау тиіс. Жаңа әкімшілік реформа аясында норма шығармашылық тәжірибені жаңғырту және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметті орталықсыздандыруды жүзеге асыру қажет. Осыған орай Үкіметке мемлекеттік органдардың басты міндеттері мен өкілеттіктерін ғана заң деңгейінде сақтай отырып, заңнамалық актілерге жүйелі тексеру жүргізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Президент салалық саясат әзірлеу, оларды жүзеге асыру және бақылау Үкімет деңгейінен алынып, орталық мемлекеттік органдарға берілуі тиістігін баса айтты.
«Орталық пен өңірлер арасындағы қызметтерді қайта бөлуге қатысты дәл осындай жұмыс 2023 жылдың ішінде жүргізілуі қажет. Бұған қоса, орталық сондай-ақ жергілікті деңгейдегі бірінші басшылардың үлкен жедел дербестігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттендіру әдістерін қайта қарау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.