Президент Үкіметке 2015 жылдың көктемінде Арбитраж туралы бірыңғай заңды енгізуді жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың соңына дейін Үкіметке Арбитраж туралы бірыңғай заңды Парламентке енгізуді тапсырды.
None
None

«Тиімді инвестициялық қызмет үшін Арбитражды толық дамыту қажет. Бүгінде инвесторлар, әсіресе шетелдіктер туындаған дау-дамайды шешу тұрғысында шетелдік арбитраждық инстанцияларға баруды қалайтындығы құпия емес. Бұл өз кезегінде біздің сот жүйесі мен оның шешіміне сенімділіктің әлсіздігін байқатады. Осы орайда жалпыға ортақ халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін отандық Арбитражды дамыту бойынша шаралар кешенін қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек»,-деді Президент. Осыған байланысты, Елбасы Үкіметке 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін Арбитраж туралы бірыңғай заңды әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар