Президент Үкіметке «Ғылымды коммерцияландыру туралы» заң жобасын шұғыл әзірлеуді жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ғылымды коммерцияландыру туралы» заң жобасын әзірлеуді шұғыл бастау керек. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Президент Үкіметке «Ғылымды коммерцияландыру туралы» заң жобасын шұғыл әзірлеуді жүктеді

«Өндірістерде инновацияларды енгізуге ерекше мән берілуі тиіс. Үкіметке «Ғылымды коммерцияландыру туралы» заң жобасын әзірлеуді шұғыл бастауды тапсырамын»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетіндегі зертханаларда ғылыми жұмыстар жүріп жатқандығын, осы Университеттің шетелдік ғылыми журналдардағы жариялымдары өзге оқу орындарынан асып түскенін атап өтті.

«Бұдан ары қарай бұл зерттемелер өндіріске баруы тиіс. Қазір университет жанынан өндірістік бөлім құрылуда. Ал осыдан кейін оны коммерцияға қалай өткіземіз?»,-деп тоқталды Елбасы.