12:37, 14 Шілде 2022 | GMT +5
Президент Үкіметтің жұмысын орташа деп бағалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Министрлер кабинетінің жұмысына орташа деген баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп.
«Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», - деді Президент.
Фото: primeminister.kz