Президент Үкіметке мемлекеттік меншік тізілімін қайта қарауды тапсырды

үкімет
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Жекешелендірілетін кәсіпорындар туралы ақпарат қолжетімді емес. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Жекешелендіру тиімді жүргізілген жағдайда ғана экономиканың барынша еркін дамуына жол ашылады. Бұл мәселе бойынша көптеген жоспар жасалды, дегенмен, «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалып тұр. Себебі бұл жоспардың бәрі құр тізім ретінде әзірленді. Онда мүлікті иеліктен шығару қажеттігіне талдау жасалған жоқ, жекешелендірудің нақты шарттары да анықталмаған», - деді Президент.

Мемлекет басшысы жекешелендірілетін кәсіпорындар туралы ақпарат қолжетімді еместігін баса айтты.

«Жекешелендіру тәсілін таңдау тәртібі де толық реттелмеген. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлық қаупін туындатады. Үкіметке мемлекеттік меншік тізілімін қайта қарауды және жекешелендіру үдерісінің әдіс-тәсілін нақтылауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар