17:23, 27 Ақпан 2023 | GMT +5
Президент үшінші елдермен өзара саудаға қатысты заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы Келісімге қол қою Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабында ескерілген. Келісім мүше мемлекеттердің үшінші елдермен өзара саудасындағы ЕАЭО-ның техникалық регламенттері қолданылатын өнімге қатысты кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды. Осыған дейін ЕАЭО-ның 52 техникалық регламенті қабылданды, оның 45-і күшіне енді.
Келісімде сондай-ақ мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің баламалылығы қамтамасыз етілуі тиіс екендігі көзделген. Ұсынылған тәсіл отандық өнімді ілгерілетуге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.