Президент вейптер жөнінде: Жастар өздеріне үлкен қауіп төндіріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жастар өздеріне үлкен қауіп төндіріп жатыр. Өйткені, вейптер зиянды және одан кейін есірткіге бет бұру қатері жоғары. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттың денсаулығына қауіп төндіретін тағы бір қатер – бұл вейптер және электронды темекінің әртүрлі нұсқалары. Өкінішке қарай, оларды қолдану жасөспірімдер арасында сәнге айналды. Бұған олардың кең қолжетімділігі және олардың зиянсыздығы туралы агрессивті жарнамалар ықпал етеді. Ал шын мәнінде, жастар өздеріне үлкен қауіп төндіреді. Өйткені, вейптер зиянды және одан есірткіге бет бұру қатері жоғары. Осы қауіпті құбылыспен күресу үшін жүйелі әрі шұғыл шаралар қабылдау қажет», - деп тапсырма жүктеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салай кетейік, бүгін Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтіп жатыр.