Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесті.