18:04, 28 Қаңтар 2025 | GMT +5
Президент зағиптар мен көру қабілеті бұзылған жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдететін заңға қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

- Мемлекет басшысы «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиында Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтына жарияланды.