Президент зейнетақы мен жәрдемақыларды қажетті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясының ашылуында барысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне ешбір жағдайда жол бермеуді тапсырды.

Президент зейнетақы мен жәрдемақыларды қажетті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды

Үш жылдық мерзімге республикалық туралы заң жобасын қарастырып, қабылдау жұмысы бар екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, онда жаһандық тәуекелдер үрдісін ескере отырып 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік саясаттың ұстанымдары мен қадамдары айқындалатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент мемлекет тарапынан кепілдендірілген әлеуметтік пакетке шығыстар көлемін сақтауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету керек екенін қадап айтты.

«Бұл ретте бәрінен бұрын зейнетақы, жәрдемақыларға, шәкіртақыларға және адамдар үшін басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты болып отыр. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне ешбір жағдайда жол бермеу үшін  бюджеттік саясатты тиісті дәрежеде бағдарлау қажет»,-деп тапсырды Н. Назарбаев.