Президент: Жағдай тұрақталған өңірлерде біртіндеп төтенше жағдай режимін аламыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ахуал тұрақтанған өңірлерде төтенше жағдай режимі біртіндеп алынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Бейбіт шеруде қойылған талаптардың бәрін ескереміз. Диалогтың нәтижесінде компромиске келіп, өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сондықтан жағдай тұрақталған өңірлерде біртіндеп төтенше жағдай режимін аламыз », - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде .

ҚР Президентінің мәліметінше, Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілді.

«Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар