Президент жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

-Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,-делінген хабарламада. 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Осыған дейін Тоқаев мемлекеттік қызметі туралы заңға қол қойған болатын.