Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ институттарымен сындарлы ынтымақтастыққа дайын - Қ. Сұлтанов

Кездесу барысында тараптар экологиялық құқықтың негізгі проблемалары, сондай-ақ уландырғыш және қауіпті өнімдер мен қалдықтардың заңсыз тасымалы мен көмілуінің адам құқықтарына кері әсерін зерттеу жағдайын талқылады.
Жүздесуде комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі туралы, Конституцияда, ҚР Экологиялық кодексінде, ҚР Орнықты дамуға көшудің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасында бекітілген азаматтардың экологиялық құқықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Өз кезегінде Баскут Тункак ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, мәртебелі мейман Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша жиналған ақпарат БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне өткізетін есебінде баяндалатынын жеткізді. Әңгіме барысында Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов БҰҰ Арнайы баяндамашысына адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласындағы жұмысына алғыс білдіріп, комиссияның БҰҰ институттарымен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.