Президент жәрдемақыға күн көріп, еңбектенгісі келмейтіндерді анықтауды тапсырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жұртшылықпен кездесу барысында Президент жәрдемақыға өмір сүруді дұрыс көріп, жұмыс істеуге құлқы жоқтарды анықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік көмекке аса зәру жандар мен мемлекеттің бергенін місе тұтып, еңбектенгісі келмейтін, жәрдемақыға күн көретіндерді нақты анықтау керек», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Президент Талдықорғандағы Салтанат сарайында жұртшылықпен кездесіп, еркін форматта тілдесті.

Кездесу барысында Президент Алматы облысының әкіміне апатты жолдарды жөндеуді тапсырды. Сонымен қатар, әкімдерге жер еңбек етем деген азаматтардың иелігінде болу керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар