Президент Жарлығымен екі музейге Ұлттық мәртебе берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздегі екі музейге ұлттық мәртебе берілді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілген.