Президент Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚазАқпарат Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:

1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;

2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Соңғы жаңалықтар