Президент жауапкершілікті сезінетін мемлекетшіл мамандар дайын болды деп есептеп отыр - Батталханов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жауапкершілікті өзіне алып, дүниежүзілік экономикаға араласа алатын мемлекетшіл мамандар дайын болды деп есептеп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда «Достық үйінде» өткен ҚХА түркімен қоғамдық-мәдени орталығының жиынында Д.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жауапты хатшысы Болысбек Батталханов мәлім етті.

Президент жауапкершілікті сезінетін мемлекетшіл мамандар дайын болды деп есептеп отыр - Батталханов

«Елбасы мемлекетіміз үшін тарихи қадам жасап отыр. Президенттің билік тармақтарының өкілеттіктерін бөліп беру туралы ұсынысы Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттырды. Депутаттар әр министрдің жауапкершілігін талқылай алмақ. Біздің Үкімет мемлекеттік жобаларды өздері әзірлеп, өздері жауап беретін болады. Ал, енді басты мәселе - Президент біздің Қазақстанда осы жауапкершілікті алып кете алатын, дүниежүзілік экономикаға араласа алатын мемлекетшіл мамандар дайын болды деп есептеп отыр. Ол кадрлар міндетті мойнына алып, өздері жауап бере алады деп сенгендіктен осындай ұсыныс жасады», - деді Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жауапты хатшысы Болысбек Батталханов     

 Айта кетейік, бүгін «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы түркімен қоғамдық-мәдени орталығының жиналысы өтті. Жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі бойынша Конституцияға өзгеріс енгізу туралы үндеуі талқыланды.