14:41, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Президент Жезқазған өнеркәсібін қалпына келтірудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Жезқазған экономикалық өнеркәсіптік өңірін қалпына келтіру және дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа темір жол тармағының ашылу рәсімінде мәлімдеді.
«Соңғы жылдары мыс кенінің таусылуына байланысты үлкен қиындықтарға кездестік. Жезқазған мыс балқыту комбинатын тоқтатуға мәжбүр болдық. Үкіметке Жезқазған экономикалық өнеркәсіптік өңірді қалпына келтірудің және дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым», деді Н. Назарбаев.
Оның айтуынша, «бұрынғыға қарағанда көлемі 20 млн. тонна бай кен алу үшін және Жезқазған мыс балқыту зауытын іске қосу үшін» кен маңында орналасқан кенттерден адамдарды басқа орындарға көшіруге 240 млн. доллар бөлінді.