ПРЕЗИДЕНТ ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Жоғары аудиторлық палата құрылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен қатар төменге палатаның құзіретін кеңейту қажет. Елімізде көптеген ауқымды жобалар, бағдарламалар бар. Бірақ, түрлі себептерге байланысты оларды жүзеге асыру барысы көңіл көншітпейді. Сондықтан Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруі тиіс. Осылайша Мәжілістің мәртебесі арта түседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар